қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.03.2023

Almaty Gallery-дегі Театр күніне арналған «Сценографтар әлемі» көрмесі

 

2023 жылғы 29 наурызда Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Ұлдана Арипжанова «Мәдениеттану» мамандығының 1 курс студенттерімен бірге «Семиотика» пәнінен «Өнер тілі» тақырыбында Almaty Gallery-дегі Театр күніне арналған «Сценографтар әлемі» көрмесінде болды.

 

Студенттер көрмеге қойылған суретшілер Е.Тұяқов, М.Сапаровтың шығармаларымен танысып, жақсы әсер алды. Көрмеге кафедраның аға оқытушылары Гүлнар Рахимова, Жанар Тайыржанқызы келіп, көрме соңында өз ойларын, пікірлерін айтып жағымды эмоцияларымен бөлісті.

 

Студенттер өнер туындыларындағы семиотиканың маңыздылығы мен мәнін терең ұғынып, теориялық білімдерін тәжірибеде жетілдіре түсті.

 

  alt=  

 

  alt=