қазақша · русский · english
 
Қоғаммен байланыс департаменті
 
 
 Римма Абдықадырқызы
Қоғаммен байланыс департаментінің директоры
Техника және технология магистрi
Достық даңғылы, 13
 +7(727)-293-86-38
rizhanbayeva@mail.ru


Мақсаты - білім беру, ғылым, тәрбие, спорттық және шығармашылық жетістіктер, қоғамдық қызмет саласындағы университет қызметінің әртүрлі бағыттары туралы жұртшылықты ақпараттандыру арқылы ішкі және сыртқы ортада Абай университетінің оң имиджін қалыптастыру.

 

Департамент құрылымына «Абай» телестудиясы мен «Абай университеті» газеті кіреді.

 

Департаменттің негізгі міндеттері:
- Университеттің оң имиджін қалыптастыру және оның әлеуметтік мәртебесін арттыру;

- https://abaiuniversity.edu.kz - ресми сайтының мазмұнын толтыруды қамтамасыз ету, әлеуметтік желілердегі университеттің ресми парақшаларында ақпараттық-коммуникациялық жұмыстарды жүргізу;

- Университет қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы қоғамды уақтылы хабардар ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс орнату;

- Мақсатты аудиториямен (талапкерлермен, студенттермен, қызметкерлермен, серіктестермен, қала жұртшылығымен, билік органдарымен) өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ туралы ақпарат беру және Интернет желісінде және БАҚ-та ұсынылатын білім беру қызметтері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- Мемлекеттік органдардың, басқа да оқу орындарының және азаматтардың сұрауларына жауап беру үшін университет ректорының тапсырмасы бойынша ақпараттық материалдарды, талдамалық анықтамаларды дайындау;

-Республикалық БАҚ-та жарияланған және университет қызметіне қатысты материалдарға шолу және талдау жасау;

-Университет қызметін ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, қызметтер мен бөлімдердің байланысының тиімділігін арттыру;

-Қоғам өкілдерімен және мақсатты аудиториямен, ең алдымен студенттермен және олардың ата-аналарымен, педагогикалық ұжыммен және басқа да мүдделі тұлғалармен кері байланысты қамтамасыз ету;

-Қоғамдық пікірді зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және университет қызметі туралы қоғамдық пікірді зерделеу және анықтау үшін өз бағдарламаларын жасау;

- Азаматтардың өтініштерін уақытылы және толық қарауды қамтамасыз ету және олардың құпия деректерін ескере отырып, өтініш берушілерге жауап жіберу ; 

- Сайтқа кірушілердің өтініштері мен сұраулары бойынша ректордың тиісті тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты үйлестіру.;

- Сыртқы ортада университеттің имиджін қолдау және жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- Институттар, кафедралар және басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп университет ішінде ақпарат алмасуды қолдау және жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру;

- Абай университетінің корпоративтік медиа-жобаларын әзірлеу және іске асыру (сайт, корпоративтік басылымдарды құру және олардың жұмысын қолдау);

- Студенттер мен профессор - оқытушылар құрамның жетістіктері туралы, университет және оның бөлімшелері қызметі туралы бейнефильмдер дайындау, бейне және фотоматериалдар жасау және толықтыру.

 

 

Университеттің ресми сайтына орналастыру үшін барлық ақпаратты келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: web_info@abaiuniversity.edu.kz.

 

 

258