қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.06.2020

Халықаралық сертификаттау дайындық орталығына (TORFL) шақырамыз

 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы барлық тіл үйренуге ниет білдірушілерді Халықаралық сертификаттау дайындық орталығынан (TORFL-Test of Russian as a Foreign Language) орыс тілі курсынан өтуге шақырады.

 

Орталық шетел азаматтарын орыс тілін шет тілі ретінде меңгерудің тиісті деңгейіне сәйкес Ресей Федерациясының мемлекеттік сертификатын алуға орыс тілі бойынша сертификаттық тестілеуге дайындайды.

 

Орталық шетел азаматтарына орыс тілін ALTE шет тілдері бойынша емтихан кеңестерінің Еуропалық қауымдастығы бекіткен халықаралық стандарттарға сәйкес оқытады. Орталық оқытушылары М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де оқып, тестор сертификатына ие болды.

 

Орталық тыңдаушылары сертификациялық емтихандарды сәтті тапсыруда.

 

Сабақтар топта аптасына 2-3 рет өткізіледі.

 

Оқу мерзімі: 1 айдан 9 айға дейін.

 

2020/2021 оқу жылына оқу құны-айына 50 000 теңге.

 

Академиялық жыл ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

 

Құжаттар:

1) орыс тіліне аударылған және нотариус куәландырған паспорттың көшірмесі.

2) оқуға арналған келісім шарт және өтініш орталықта ресімделеді.

3) курстарда оқу үшін университет оқу визасын ресімдейді.

 

Орталықта сынақ тестінен өтіп, орыс тілін меңгеру деңгейін анықтауға болады.

 

Байланыс деректері: Мамытбекова Ляйля Кадыровна, +7 707 2276826, lyailya71@mail.ru