қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.06.2020

«Білім берудің сандық өзгерістері» тақырыбындағы Жазғы онлайн-мектеп

 

2020 жылы 23-29 маусым аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білім берудің сандық өзгерістері» Жазғы онлайн-мектебі басталады.

 

Мектептің негізгі спикері және әзірлеушісі - Ресей Федерациясының жетекші білім беру әдіскерлерінің бірі, білім беру және диагностикалық әдістерді жасаушы, оқыту ойындарының тәжірибешісі, 120-дан астам оқыту ойындарының авторы, білім беру деректерін жобалаудың ресейлік бағытының идеологы, 2035 жылғы университеттің «Деректерді дамыту» бөлімінің директоры Андрей Комиссаров.

 

Жазғы онлайн-мектептің кең және қызықты бағдарламасына оқу процесін онлайн режимде ұйымдастыру, білім беруді жобалау, педагогикалық дизайн, геймификация және ойын практикасы бойынша практикалық сабақтар кіреді.