қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
10.04.2023

Абай университетінде «ROBO TIME-2023» республикалық сайысы өтті

 

 

Абай университетінде еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «ROBO TIME-2023» республикалық сайыс өтті деп хабарлады turkystan.kz.

 

Іс-шараны Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы, Stem-Park зертханасы және «Abai Robo» робототехника клубы ұйымдастырған.


Сайысқа жоғары оқу орындарының 8 командасы қатысты: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ОҚМПУ); М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Жұбанов Университеті (бір командадан); Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (2 команда); Абай университеті (3 команда).


Командалар келесі үш санатта бақ сынасты: «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг-квадро» және «Робосумо» санатындағы роботтар жарысы.

 

Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Абай университеті, 2-ші орынды ОҚМПУ мен Жұбанов университеті командалары, 3-ші орынды Әуезов университеті мен Қыздар университетінің командалары иеленді.

 

«ROBO TIME-2023» республикалық сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

10.4.2023 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz