қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.06.2020

Мамандықты қалай таңдау керек?

 

Мамандық таңдау мәселесі - адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Ең алдымен мамандықтар туралы әр түрлі сайттағы ақпараттармен танысу керек.


Мамандық таңдау барысында жас түлек «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеу қажет. Ең алдымен қызығушылығыңызды, бейімділігіңізді, мінез сипаты мен физикалық мүмкіндіктеріңізді жақсы түсіне алу керек. Негізгі қасиеттеріңіз бен байқалмайтын қасиеттеріңізді анықтау қажет. Ары қарай өзіңізге сәйкес келетін мамандықтарды таңдау кедергі туындамайды. Осыдан кейін ғана оқу орнын таңдау қажет. Ең бастысы жоғары оқу орнындағы оқу процесінің өзіндік талаптарын да есепке алу керек. Мамандық таңдауда ата-аналар, туыстар мұғалімдер және таныс адамдар көмек көрсете алады. Бірақ әрбір жас түлек өзінің мүмкіндіктерін жақсы біледі.


Кейбір ата-аналар балаларының мүмкіндіктерін ескермей, өздерінің қалауларын таңдауға мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мен жас кезімде дәрігер мамандығын жақсы көрдім. Бірақ жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын. Осындай жағдайлар туындап қалса, өз мүмкіндігіңізді және жүрек қалауын тыңдап көріңіз. Алдыңызға қойылған мақсаттардан шегінуге болмайды.


Оқу орнына түскеннен кейін ресми мамандық алу басталады. Неғұрлым сапалы білім алу үшін қандай да бір жоспар жасауға болады. Негізгі және қосымша мақсаттарға бөлу. Осы мақсаттарға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын айқындау. Мүмкін болатын қиындықтар мен кедергілерге қарсы күресу үшін өзінің ішкі күштерін шоғырландыру.


Мамандық таңдауда жіберілетін қателер:
- Беделді кәсіптердің жетегінде кету;
- Ата-анасы үшін мамандық таңдау;
- Мамандықты таңдауға ақпараттардың жеткіліксіздігі;
- Өзінің психологиялық ерекшелігін түсіне алмау;
- Басқалар не таңдаса, соны таңдау;
- Грант көп берілетін мамандықтарды таңдау;
- «Диплом алсам болды» деген пікірді ұстану.


Осындай қателіктер жіберілмес үшін не істеу керек?
1.Балалық шақты еске алыңыз.Бала кезіңізде сізде қандай үміт пен арман болды?
2.Өзіңізді толық зерттеңіз.
3.Жеке тұлғаның профилін жасаңыз.
4.Басқалардың сізді қалай көретінін біліп, өзіңізді жақсы түсініп алыңыз.
5. Жақын досыңыздан, отбасы мүшелерінен немесе сенімді адамнан сізді сипаттайтын 10 кілт сөз жазуды сұраңыз. Олар сіздің бағалауыңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз.
6. Педагог мамандығының бес негізгі бағытын белгілеңіз. Маркер немесе басқа құралмен сіз үшін ең тартымды екі бағытын таңдаңыз. Неге олар қызығушылық тудырады? Бұл бағытқа қандай өмірлік тәжірибем бар. Болашақта бұл бағытын қалай көре аламын. Олар сіздің жеке басыңыз бен құндылықтарыңызға қалай сәйкес келеді?
7.Сіздің темпераментіңізді ескеру қажет.Жұмыс стилі соған байланысты.


Сангвиниктер - сенімді қызметкерлер. Оларға бір сарынды және баяу жұмыс ұнайды. Шыдамдылық пен тапқырлыққа қабілеттілігін іске асыратын тірі және қозғалмалы жұмыс қажет.


Холериктерге циклдік жұмыстар ұнайды. Мұндай жұмыстар оларға табыс әкеледі.


Флегматик кез-келген әрекеттерді үнемі жылдам орындауды талап етпейтін оқу және өндірістік жұмысқа бейімді. Олар үшін ең бастысы жылдамдық емес,жұмыс сапасы тұрады.


Меланхолик сангвиникаға толық қарама-қарсы. Сонымен қатар, оның жұмыс өнімділігі көңіл-күйге толығымен байланысты. Сондай-ақ, таңдау кезінде қандай мамандар қандай да бір салада сұранысқа ие болатынын ескеруді ұмытпаңыз.


Егер сіз педагог мамандығын таңдаған болсаңыз, мұғалім мамандығы туралы ақпаратты еліміздің жетекші жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің сайтынан ала аласыз.