қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.07.2020

«Карантинде оқытушыларды дайындау» вебинары өтеді


2020 жыл 3 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Калифорния штаты Сакраменто Университетімен бірлескен «Университеттің іс-әрекеттік деректері мен ұйымдастырушылық мәдениетке негізделген оқытушыларды дайындау» халықаралық жобаның аясында «Карантинде оқытушыларды дайындау» тақырыбында вебинар өтеді. Жоба U.S.-Kazakhstan University Partnerships Grants Program қолдауымен іске асуда. Вебинар жоғары оқу орындарының ТОП менеджерлеріне, оқытушыларына, қызметкерлеріне арналады.


Онлайн режимінде өтетін вебинарды Халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі ұйымдастырады.


Модератор - Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің бастығы Баян Сапаргалиева.


Арнайы қонақ - U.S.-Kazakhstan University Partnerships Grants Program жоба координаторы, профессор, Сакраменто білім беру колледжінің деканы Сидоркин Александр.