қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.07.2020

Мамандық таңдауда ата-аналарға кеңес

 

Балаңызға өз мамандығын тиімді таңдауға және мансапты жоспарлауға, алға жылжу үшін қандай қадамдар жасау керектігін шеше алуына көмектесу үшін көптеген психологиялық әдістер бар. Абай атындағы ҚазҰПУ психологтары осы мәселені шешуде үш қарапайым қадам ұсынады.

 

1-қадам. Мамандықты таңдауда балаңыздың ерекшеліктерін зерттеңіз. Балаңыздың мүддесін, симпатия мен антипатиялары туралы көбірек білу қажет. Олардың қызығушылықтары қандай? Ол мектепте немесе бос уақытта не істеуді ұнатады? Мысалы, музыка, өнер, тарих немесе компьютерлік, спорттық ойындар немесе үй шаруасымен айналысу.

 

Олардың дағдылары қандай? Олар қандай мектепте білім алды. Бос уақытта шығармашылықпен айналысып, оның жобасын жасай алуға дағдылана алуға икемі болды ма? Олардың жеке қасиеттері қандай? Адам ретінде олар қандай? Мысалы, олардың бойында мынандай жақсы қасиеттер болуы мүмкін. Өз уақытын басқару және өз уақытында орындау. Басқа адамдармен жұмыс істей білу. Пікірталасқа қатысып, басқа адамдардың пікірін тыңдау.

 

Осындай мәселенің барлығы да мамандық таңдауда балаңыздың икемділігін білуге көмектеседі. Жалпы балаңыз туралы ақпарат көбірек білу, оның мамандықты дұрыс таңдауының шешуші факторы.

 

2-қадам. Мамандықтар картасын балаңызбен бірге отырып талдаңыз.

 

Еңбек әлемі үнемі өзгеріп отырады. Оларға өз мамандығын жоспарлауға көмектесу үшін, олар қазір қандай жұмыс орындары бар және болашақта қайсысы сұранысқа ие болуы мүмкін туралы көбірек білулері керек. Шабыт алу үшін, олар түрлі кәсіптегі адамдардың бейнелері мен тақырыптық зерттеулерін ұсынатын веб-сайттарға қарап шыға алады.

 

Балаңызбен олардың қызығушылығы туралы сөйлесіңіз. Балаңыздың мектептегі сүйікті пәнін сұраңыз. Балаңыздың хоббиі мен сыныптан тыс сабақтарын талқылаңыз. Осы талқылау кезінде сіздің балаңыз қызығушылық танытатын нәрселерді тыңдаңыз және оны қолдаңыз. Баламен оның қызығушылығы туралы сөйлесіңіз. Балаңыздың мектептегі сүйікті пән туралы айтуын сұраңыз.

 

Өз таңдауыңызды талап етпеңіз және баланың өзіне не істеу керектігін шешіңіз. Қазір қандай мамандықтар қажет екенін түсіндіру керек. Тест нәтижелері немесе журналда берілетін сауалнамалар баллы бойынша емес, баланы қызықтыратын мамандықтарды ұсыну қажет. Әр түрлі мамандықтар туралы барынша ақпарат беру. Диплом үшін оқуға мәжбүрлемеу керек. Өзін-өзі анықтауға бірнеше жыл жұмсау керек, содан кейін мамандық табуы да мүмкін.Мамандықты балаңызбен бірге отырып зерттеу , баланың мамандықты дұрыс таңдауына ықпал етеді.


3-қадам. Мансапты жоспарлау.

 

Қызықты мамандықты тапқаннан кейін, балаңызға келесі сұраққа жауап беруді ұсыныңыз: Таңдаған жоғары оқу орны маған нақты не береді? Мен бұл мамандықтың мансабын қалай елестете аламын? Бұл мамандықты бітіргеннен кейін қандай біліктіліктерге ие боламын? Осындай сұрақтарды талдаған бала өзінің мамандығының болашағы туралы вербализация жасай алады. Өзі таңдаған мамандығының қыр-сырына үйренеді. Мамандығынан рахат алатын адамдар саны көбейіп, қоғам алға жылжиды.

 

Есіңізде болсын, көптеген жұмыс орындары осы күндері белгілі бір біліктілікті талап етеді. Сол себепті өзінің мамандығы шеңберінде үнемі білім жетілдіріп отыру керек.

 



869

Кері оралу