қазақша · русский · english
 
Қоғаммен байланыс департаменті
     
     
    Шарахымбаев Болат Жұмынович
    «Abai university» газетінің бас редакторы

     +77772227968
    sharbolat@bk.ru

     

    «Abai university» газеті - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің баспа басылымы.

     

    «Abai university» газетінің тұңғыш саны 2002 жылы тамыз айында жарық көрген. Содан бергі уақытта басылымның 218 саны оқырманға жол тартты. Газет айына бір рет қазақ және орыс тілдерінде шығады.

     

    «Abai universiti» газетінің алғашқы шығарушылары университетте ұстаздық қызмет атқарған Жасарал Қуанышәлин мен Дос Көшім. Қазіргі шығарушы редакторы Болат Шарахымбай.

     

    Газеттің мақсаты - университет өмірімен жұртшылықты таныстырып отыру, атап айтқанда білім, ғылым, тәрбие, спорт, шығармашылық жетістіктер және қоғамдық қызмет саласындағы университет қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша ақпараттар беру арқылы Абай университетінің оң бейнесін қалыптастыру.

    Негізгі міндеттері:

    - Университеттің оң имиджін қалыптастыру және оның қоғамда әлеуметтік мәртебесін арттыру;

    - Университет қызметіндегі маңызды деген оқиғалар бойынша газет бетінде материалдар ұйымдастырып, дайындау;

    - Маңызды деген оқиғалар туралы оқырмандарды уақтылы хабардар ету;

    - Мақсатты аудиториямен - талапкерлер, студенттер, ата-аналар, қызметкерлер, педагогикалық ұжым, тағы басқа қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл мен байланысты қамтамасыз ету;

    - Институттар, кафедралар және басқа да құрылымдық бөлімшелермен байланыс орнату және ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру;

    - Студенттер мен ұстаздардың шығармашылығымен (поэзия, проза, новелла, эссе, мақала, т.б.) оқырмандарды таныстырып отыру.

     

    Газетке жаңалықтармен бөлісіп, ақпарат, тағы басқа материалдар жіберемін десеңіз, біздің электронды мекенжайымыз: sharbolat@bk.ru;

    Байланыс тел: +77772227968