қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
20.04.2023

Қазақстанда жасанды интеллект саласында мамандар жетіспейді

 


 

Абай университетінде KAIST (Корея ғылым және озық технологиялар институты) профессоры, STEM және робототехника саласындағы әлемге әйгілі сарапшы, KAIST инженерлік бағдарламаларының авторы Но Квангсу семинар өткізді. Шараға университет ректоры Дархан Біләлов, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Корея бүгінде ғылым және озық технологиялар институты QS World University Rankings-2023 әлемдік рейтингінде 42-ші орында тұр. KAIST Samsung, Naro ғарыш орталығы және кореялық технология алпауыттары үшін мамандар даярлайды, ғылыми зерттеулер жүргізеді.

 

IoT (Internet of Things) жүйелері бойынша қазақстандық ғалымдармен бірлескен зерттеулер ауқымын анықтау мақсатында Қазақстанға келген кореялық маман KAIST-тің жасанды интеллект, робототехника және киберқауіпсіздік саласындағы соңғы жаңалықтары туралы айтты. Ол сондай-ақ бағдарламалау және жасанды интеллектті дамыту бойынша тәжірибелік семинарлар өткізді, қатысушылар жаңа дағдылар мен білім алуға мүмкіндік алды.

 

Іс-шара барысында ректор іс-шараның маңыздылығын айта келе, дамыған елдердің экономикалық өрлеуінің негізі технологиялық даму екеніне тоқталды.

 

«АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты мемлекеттердің тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстан өзінің технологиялық дамуында дәйекті қадамдар жасауда. Дегенмен, бірінші кезектегі мәселе осы салалардағы мамандардың айтарлықтай тапшылығы болып отыр. Сондықтан біз робототехника саласына және оқу үдерісіне STEM жүйесін енгізуге үлкен көңіл бөлуге тырысамыз», деді Д.Біләлов.

 

Семинар барысында еліміздегі мектептерде робототехника мен STEM-ді оқытуда үш негізгі мәселе тұрғаны атап өтілді: сапалы оқу бағдарламасының жоқтығы; сапалы оқу бағдарламасын жеткізетін мұғалімдердің жетіспеушілігі; оқу материалдарының қымбаттығы мен қолжетімсіздігі. Бұл workshop студенттер мен оқытушылар үшін өте пайдалы болды.

 

Дархан Біләлов профессор Но Квансуға, ұйымдастырушылар Elite Education Group International бас менеджері Джон Кимге, «Elite Education Group Kazakhstan» ЖШС директоры Талғат Игісіновке, Абай университетінің Абай университетінің KazDual обсерваториясына алғысын білдіріп, мұндай шаралар университеттің және студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға зор ықпал ететіндігін атап өтті.

 

Іс-шараға қатысушылар workshop туралы оң пікірлерін білдірді және оның болашақ ғылыми және кәсіби маңыздылығын атап өтті.

 

20.4.2023 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz