қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.07.2020

Магистратураның гранттық бағдарламасына қатысу


2020 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан азаматтары үшін халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу туралы онлайн-вебинар өтеді. Вебинарды ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі, іс-шараның жетекшісі - бөлім меңгерушісі Сапаргалиева Баян Оралханқызы, вебинардың шақырылған қонағы Кентукки Университетінің (АҚШ) магистратурасының түлегі Анастасия Казади болады. Вебинарда магистратураның гранттық бағдарламасына қатысу туралы егжей-тегжейлі айтылады.

Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық департаменті өз серіктестерінің және Еуропа мен АҚШ-тың халықаралық ұйымдарының қолдауымен халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы вебинарлар сериясын жоспарлап отыр.

Вебинарларға бакалавр студенттерін және халықаралық кеңселердің қызметкерлерін шақырамыз.

Келесі вебинарлар туралы ақпаратты университет веб-сайтында қадағалаңыздар.

 

 

 



797

Кері оралу