қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.05.2023

Еліміздің жетекші университеттері арасында тәжірибе алмасу өтті

 

2023 жылғы 24-25 мамырда Назарбаев Университеті (НУ) делегациясының Абай атындағы ҚазҰПУ-ға сапары сәтті өтті. Сапардың екінші күні НУ қонақтары қауымдастырылған профессор, НУ постдипломдық бағдарламал провосты Луис Рамон Рохас-Солозарно; Провост кеңсесінің бас менеджері Гүлназ Бүлебаева; Провост кеңсесінің бас менеджері Асхат Бекжанов Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестердің ғылыми хатшыларымен кездесу өткізді. Кездесудің модераторы Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова болды. Кездесу барысында Луис Рамон Рохас-Солозарно кеше өткен «6D011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша диссертацияны қорғау кезінде алған әсерімен бөлісті, НУ тәжірибесі туралы айтып, тараптар пікір алмасты.

 

Содан кейін Луис Рамон Рохас-Солозарно институт директорларының орынбасарларына, ғылыми жұмыс мамандарына және докторанттарға арналған «Зерттеу университетіне трансформациялау бойынша НУ тәжірибесі» тақырыбындағы дәрісін оқыды. Дәрісте Scopus базасында индекстелген шетелдік басылымда мәртебе алу алгоритмінің маңызды аспектілері ашылды. Дәріс көптеген сұрақтар қойған докторанттардың қызығушылығын тудырды.

 

Сапар соңында Ұлжарқын Әбдіғапбарова одан әрі ынтымақтастық тілей отырып, Назарбаев Университетінің делегациясына университеттің символикасы бар естелік кәдесыйлар табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=