қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.05.2023

«Педагог кадрларды тәжірибеге бағдарлап даярлаудағы конструктивті тәсілдер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

2023 жылдың 25 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің 2022-2023 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес дөңгелек үстел өтті. «Арнайы педагогика», «Педагогика және психология», «Математика, физика және информатика мұғалімдерін/педагогтерін даярлау» және «Химия, биология және география мұғалімдерін/педагогтерін даярлау» бағыттары бойынша 4 жоба командалары бірігіп, осы дөңгелек үстелді өткізу үшін жиналуы және «Педагог кадрларды тәжірибеге бағдарлап даярлаудағы конструктивті тәсілдер» жалпы тақырыпты таңдауы қисынды.

 

Онлайн және офлайн режимде дөңгелек үстелге 100-ден аса қатысушылар, оның ішінде кадрларды даярлаудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша Қазақстанның ЖОО өкілдері, арнайы және жалпы білім беру мекемелерінің мамандары, магистранттар мен докторанттар қатысты.

 

Дөңгелек үстелде болашақ арнайы педагогтарды кәсіби даярлау процесінде дуальді-бағдарлы оқытуды жүзеге асыру механизмдері, іс-тәжірибе - кәсіби бейімделудің бастапқы кезеңі, педагог кадрларды даярлаудағы заманауи талаптар, педагог-психологтарды даярлаудың білім беру бағдарламасын жобалау, конструктивті үйлестіру - жаратылыстану пәндерін (химия, биология, география) оқыту сапасын арттыру тәсілі, мұғалімнің педагогикалық және зерттеу қызметіндегі жасанды интеллект (ChatGPT мысалында) мәселелері қарастырылды.

 

Дөңгелек үстелді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков сөз сөйлеп ашты.

 

«Арнайы педагогика» бағытындағы жоба командасының жетекшісі Ақбота Аутаева, «Педагогика және психология» бағытындағы жоба командасының жетекшісі Әйгерім Көшербаева және жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер/педагогтарды даярлау» бағытының жоба командасының жетекшісі Салтанат Шармухамбет модератор ретінде сөз сөйледі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дан психол.ғ.д., профессор-зерттеуші Надежда Жиенбаева, п.ғ.д., профессор Жанат Нұрбекова, п.ғ.к., доцент Шолпан Карбаева, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Арнайы және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі Айнагүл Рымхан және «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Наталья Мирза, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, оқытушы-дәріскер фил.ғ.к. Айгүл Галиева, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті «Психология» кафедрасының меңгерушісі Ардақ Әліпбек, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті «Педагог кадрлардың әлеуетін күшейту» жобасы аясындағы «Психология» ББ әзірлеу бойынша топ жетекшісі Роза Калимжанова баяндамалар жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=