қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.05.2023

Абай университетінің өкілдері Педагогикалық білім бойынша IX халықаралық форумға қатысты

 

2023 жылғы 24-26 мамыр аралығында Қазан федералдық университетінде Педагогикалық білім бойынша IX халықаралық форум өтті. Форумға Абай университеті Педагогика және психология институтының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде BR18574162 «Арнайы педагогтарды инклюзивті оқыту» тақырыбы бойынша жоспарланған ғылыми-зерттеу іс-шараларына сәйкес күндізгі форматта п.ғ.д., профессор-зерттеуші Зульфия Мовкебаева және Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева қатысты. Сонымен қатар, олар педагогтарды даярлаудың заманауи жағдайы мен болашағына арналған панельдік пікірталастарға, ғылыми топтардың отырыстарына да белсенді жұмыс атқарды.

 

Сондай-ақ «Мектеп пен университет арасындағы диалог: ғылыми зерттеулер, әдістемелерді жаңарту» дөңгелек үстел жұмысына п.ғ.к. профессор Жұмабаева А.Е. және Ph.D. Екатерина Рябова қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=