қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.06.2023

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен ғылыми коллаборация

 

2023 жылдың 1 маусымынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ - нің зерттеу тобы АР 14872311 «Action Research ретінде зерттеудің бейресми нысандарын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен технологиясы» гранттық жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үздіксіз кәсіптік білім беру институтының жұмыс отырыстарына қатысып келеді.


Мақсаты - Action Research ретінде зерттеудің бейресми нысандарының кәсіби практикасына жүйелі интеграциялау негізінде Педагогтің кәсіби стандарты мәселелерін және педагогтердің зерттеу белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылау болып табылады.

 

Жұмыс отырыстарына Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ үздіксіз педагогикалық білім беру институтының директоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі М.А.Ғалымжанова, ҮПББИ-ның бас ғылыми қызметкері, ХҒТББА-ның корреспондент-мүшесі А.К.Мұхамедханова және т.б. қатысты. Отырыс барысында Академияның электрондық ғылыми базасымен, зерттеу лабораторияларымен, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерімен таныстырды. Жоба жетекшісі А.Е.Берікханова және орындаушы Д.К.Байдильдинова педагогтердің зерттеу белсенділігін дамытуда Action Research - ті жүзеге асыру және педагогикалық ғылым мен практиканы интеграциялау жөніндегі жобаның құнды идеяларымен бөлісті, сондай-ақ одан әрі өзара ынтымақтастық перспективаларын белгіледі.

 

  alt=  

 

  alt=