қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.06.2023

«Astana Garden School» мектебімен ынтымақтастық

 

2023 жылдың 31 мамыр мен 6 маусым аралығында зерттеу тобы тәжірибе алмасу мақсатында АР 14872311 гранттық қаржыландыру бойынша «ЖОО-ның тәжірибесіне Action Research сынды бейформалды зерттеу формаларын интеграциялау арқылы оқытушылардың зерттеушілік белсенділіктерін дамытудың теориясы мен технологиясы» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында «Astana Garden School» халықаралық мектебіне барды. Бұл мектепте оқыту авторлық AGS оқу жоспары, Advanced Placement және IB кәсіби-бағытталған бағдарлама (CP) негізінде жүргізіледі. Жұмыс барысында кәсіби даму үшін мұғалім тәжірибесін зерттеудің маңыздылығы, іс-әрекетті зерттеуді енгізуге байланысты мұғалімдерді дайындау әдістері талқыланды.

 

Жұмыс кездесуін «Astana Garden School» мектебінің Action Research үйлестірушісі Динара Қаипова ұйымдастырды, ол Action Research бойынша іс-тәжірибесімен, педагог-зерттеушілердің шығармашылық тобын дайындау практикасымен, сондай-ақ педагогикалық зерттеулерге байланысты әдістемелік нұсқаулық жазу идеяларымен бөлісті.

 

Жоба жетекшісі Берикханова А.Е және орындаушы Байдильдинова Д.К. мұғалімдердің ғылыми-зерттеу белсенділігін дамыту, Action Research енгізу және педагогикалық ғылым мен практиканы интеграциялау бойынша құнды идеяларымен бөлісіп, болашақта ынтымақтастықта жұмыс жасау жоспарын белгіледі.

 

  alt=  

 

  alt=