қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.07.2020

Кешенді тестілеуге қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы (магистратура) 

 

Карантин режимі жағдайында азаматтарға ыңғайлы болу үшін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі 19 шілдеге дейін ұзартылды.  

Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы: https://pvo-zayav.testcenter.kz жоо қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Кешенді тестілеу электронды форматта 1-15 тамыз аралығында өткізіледі.

Кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электронды форматта куәлік беріледі.


Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16-20 тамыз аралығында қабылданады.

Ақпарат көзі: @edu_news_qz