қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.06.2023

XII жазғы Универсиада


XII жазғы Универсиадаға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жеңіл атлетика құрама командасының студенттері қатысып, үлкен жетістікке жетті. Атап айтқанда, ерлер арасында 100 метрге жүгіруден Әбдіжаппар Әлішер - 1 орынды иеленсе, Бекешев Нұралы - 2 орын алды. Қыздар арасында 100 метрге жүгіруден студентіміз Каримбекова Алуа - 3 орын алды. Қыздар арасында ядро лақтыру бойынша студентіміз Дудченко Арина - 2 орынды қанжығасына байлады. Қыздар арасында 4/100 метрлік эстафетадан білім алушыларымыз Бердимбетова Камилла, Яковенко Ксения, Дудченко Арина, Мырсыдық Жанар - 2 орынды иеленсе, 4/400 метрлік эстафетадан командамыз 1 орынды иеленді. Қыздар арасында 400 метрге барьермен жүгіруден Мырсыдық Жанар - 2 орынды, ал ерлер арасында студентіміз Әбденбек Отанбек 3 орынды иеленді. Қыздар арасында ұзындыққа секіруден студентіміз Мырсыдық Жанар 3 орынды алды. Ерлер арасында Әлиғазы Мейіржан дәл осындай нәтижеге қол жеткізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=