қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.08.2020

Халықаралық онлайн-дөңгелек үстел «Әлем таныған Абай»

 

Абай университетінің стратегиясы аясында, Абай күніне орай, 2020 жылдың 10 тамызында сағат 15: 00-де «Әлем таныған Абай» халықаралық онлайн-дөңгелек үстел өтеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шараға Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Лубков Алексей Владимирович (Ресей); Баку мемлекеттік университетінің Абай орталығының директоры Дурсунова Фатима Аскеровна, (Әзірбайжан); дипломат, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әуезов Мұрат Мұхтарұлы; оқытушы, әдебиеттанушы Әуезова Зифа-Алуа; Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Өтепбаев Нұрбұлан Нұғыманұлы; шетелдегі Абай орталықтарының барлық өкілдері шақырылды:

 

Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей)
Слупск қаласындағы Померан академиясында (Польша)
Ханой ұлттық педагогикалық университетінде (Вьетнам)
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы қазақ-қытай ғылыми, мәдени, инновациялық даму және оқыту орталығы.

 

Дөңгелек үстелдің спикерлері:


  • Бегалиева Сауле Баязовна, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі
  • Аманқұлова Балжан Нұрболатқызы, Халықаралық ғылыми және мәдени байланыстар, бөлімінің бастығы
  • Махаш Гаухар Абдуғаппарқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ Абай орталығының үйлестірушісі
  • Пономаренко Максим Дмитриевич, Помор академиясының Абай орталығының жетекшісі (Польша)
  • Балгазина Бақытгүл Серікқызы, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетіндегі Абай атындағы қазақ-орыс мәдениеті және ғылым орталығының жетекшісі
  • Чан Дин Лам, Ханой ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, э.ғ.д., Абай мәдениеті мен ғылымының орталығының үйлестірушісі
  • Дурсунова Фатима Аскеровна, БМУ Абай орталығының директоры

 

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: Шетелдік азаматтарға арналған филология мамандықтары және университетке дейінгі дайындық факультеті, Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі «Хакім Абай атындағы ғылыми-зерттеу институты», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық ғылыми және мәдени байланыстар бөлімі.

 

Іс-шара ZOOM алаңында өтеді. Университеттің барлық қызметкерлері мен профессорлары шақырылады.