қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.09.2023

Абай университеті Жоғары экономика мектебімен ынтымақтастықты нығайтады


Абай университеті академиялық ұтқырлық және ғылыми тағылымдама бағдарламалары бойынша студенттермен алмасу саласында Жоғарғы экономика мектебімен ынтымақтастықты нығайтуда.

 

2023 жылғы Халықаралық серіктестік апталығы аясында Мәскеу қаласындағы Жоғарғы экономика мектебінде 26 қыркүйекте Абай университеті мен Жоғарғы экономика мектебі арасында ынтымақтастық және студент алмасу туралы Келісімге қол қойылды.

 

Ынтымақтастық туралы келісім аясында тараптар студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және ғылыми тағылымдамаларды іске асыра алады.

 

Естеріңізге сала кетейік, «500 ғалым» стипендиялық бағдарламасы аясында Тарих және құқық институтының «Дүниежүзі тарихы» кафедрасының меңгерушісі Қамшат Рүстем Мәскеу қаласындағы Жоғары экономика мектебінде бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

 

  alt=