қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.09.2020

Халықаралық гранттарға қатысу мүмкіндіктері


Американдық білім жөніндегі кеңесі АҚШ пен Қазақстан университеттерінің арасындағы серіктестікке арналған жаңа гранттарын жариялауға қуанышты. АҚШ университеттеріне жаңа серіктестіктер орнатуға немесе Қазақстанның жоғары оқу орындарымен тұрақты серіктестікті дамытуға көмектесу үшін бес (5) грант беріледі.

 

Әрбір жеңімпаз келесі бағдарламалық мақсаттарға жету үшін 40 000 АҚШ доллары көлемінде жобаны жүзеге асыруға грант алады:

- Ағылшын тілі мен STEM мұғалімдерінің оқу жоспары мен педагогикасын жетілдіру және олардың курстарына ағылшын тілін енгізу; әсіресе Нұр-Сұлтан мен Алматыдан тыс аймақтарда;

- Ағылшын тілін және STEM-ді оқытудағы саясатты, тәжірибені және әкімшілік құрылымдарды бейімдейтін, сондай-ақ білім алушылардың осы салалардағы нәтижелеріне негізделген педагогика мен оқу бағдарламаларын бейімдейтін бес АҚШ-Қазақстан серіктестігін алға жылжыту, енгізу және өлшеу.

 

АҚШ-тағы қазіргі серіктестеріңізге хабарласып, осы электрондық поштаға тіркелген файлдарды олармен бөлісуге кеңес береміз. Американдық кеңестер қызығушылық танытқан жоғары оқу орындарының арасынан серіктестер іздеуді қолдауға дайын.

 

Өтініштерді онлайн режимінде (сілтеме: https://ais.americancouncils.org/cgi-bin/WebObjects/AIR.woa/wa/login?brand=kazakhuniv) АҚШ университеттерінің өкілдері жібереді! АҚШ-тан тыс университет өкілінен жасалынған кез-келген өтініш қарастырылмайды. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 23 қазан, 2020 жыл. Толық ақпарат алу үшін қосымша тіркелген құжаттарға жүгініңіз.

 

Бағдарлама


 

 Халықаралық ынтымақтастық департаментінің

Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі