қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.09.2020

«Математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімде және ғылымда» IX халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

 

2020 жылдың 1-3 қазанында профессор Е.Ы. Бидайбековтың 75-жылдығына және мектеп информатикасының 35-жылдығына арналған «Математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімде және ғылымда» тақырыбында IX халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізіледі.

 

Конференцияның мақсаты: математика, информатика және ақпараттық-математикалық модельдеудің өзекті мәселелері, жаратылыстану пәндерін сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін педагогикалық өлшеуді цифрландыру, STEM білім беру мен білім беруді цифрландыру және ақпараттандыру, сонымен қатар, заманауи білім берудегі әл-Фараби мұрасы мәселелерін талқылау.

 

Конференция жұмыстарының бағыттары:
1. Математика, информатика және ақпараттық-математикалық модельдеу
2. Жаратылыстанудың кері және қисынды емес есептері
3. Білімді ақпараттандыру және цифрландыру
4. Физика-математикалық білім беруді цифрландыру және STEM білім беру
5. Білімді цифрландыру жағдайында педагогикалық өлшеу
6. әл-Фараби мұрасы заманауи білім беруде

 

Конференция жұмыстарына Абай ат. ҚазҰПУ-нің ректоры Такир Балықбаев, РБА корреспондент-мүшесі, МҚПУ профессоры Сергей Григорьев(онлайн), РБА корреспондент-мүшесі, МҚПУ-дің профессоры Вадим Гриншкун(онлайн), МҚПУ профессоры Ольга Заславская(онлайн),ОМПУ профессоры Михайл Лапчик (онлайн), ММПУ профессорыЛюдмила Босова (онлайн),В.П.Астафьев атындағы КМПУпрофессорыНиколай Пак(онлайн),, РБА-ның корр.-мүшесі,ПМҰЗУ-нің профессорыЕвгенийХеннер(онлайн),РҒА-ныңкорр.-мүшесі, профессор Сергей Кабанихин(онлайн), ҚР ҰҒА академигіМақсат Қалимолдаев, ҚР БжҒМ ҒК Математика жәнематематикалықмодельдеуинститутының бас директоры, ҚР ҰҒАкорр.-мүшесіМахмуд Садыбеков, ҚР Ұлттық инженерлік академияның профессоры Нұрлан Темірбеков,«Тұран» университетінің профессоры Кали Әбдиев және Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.

 

Конференция сайты: mmiton.kaznpu.kz

 

Өткізілетін мерізімі мен уақыты: 1-3 қазан 2020 жыл, сағат 9:30.

 

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төлеби көшесі, 86, Абай атындағы ҚазҰПУ, Математика, физика және информатика институты.


Байланыс телефондары: +7 747 287 9777 (Сагимбаева А.Е.), +7 701 655 48 28 (Ошанова Н.Т.), +7 707 820 3301 (Бостанов Б.Г.)