
Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
03.11.2023
Алматыда Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының VIII форумы басталды
Алматыда Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының VIII форумы өтіп жатыр.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде екі елдің 120-дан астам өкілі бас қосты. Форум екі елдің университеттері арасында тәжірибе және білім алмасу үшін бірегей алаң құрып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді. Ал халықаралық әріптестікті нығайту үшін екі жақ "қос дипломдық" жобаны жалғастыру үшін келісімшартты ұзартуға уағдаласты. Ақтолқын Құлсариева, Абай атындағы ҚАЗҰПУ халықаралық ынтымақтастық және стратегия бойынша проректоры: Ендігі біздің басты мақсатымыз университетіміз Қазақ ұлттық педагогикалық университет болғандықтан, екінші кезең Сарбонна-Қазақстан институтының дамуының, ол педагогикалық бағытты нығайту. Осы тұрғыда Францияның педагогикалық бағыттағы университеті Эколь Нормальмен келісім шартқа отырдық.
03.11.2023 ж. Ақпарат көзі: qazaqstan.tv Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|