қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
25.09.2020

«Латын графикасына негізделген қазақ жазуы» онлайн-дәрісі


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Латын» ғылыми-практикалық орталығы мен  «Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді меңгертудің әдістемесі» ғылыми жоба өкілдерінің ұйымдастыруымен 2018-2020 жылдарға арналған «Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді меңгертудің әдістемесі» (филология мамандығында оқитын студенттерге арналған ЖТН: АР05132846) мемлекеттік грант жобасы аясында «Латын графикасына негізделген қазақ жазуы» тақырыбында  онлайн-дәріс өткізеді.

 

Дәріс барысында латынәліпбилі жазуға көшу үдерісіндегі филолог мамандардың рөлі, болашақ педагог мамандарды даярлау барысында латынәліпбилі ұлттық жазуға көшу  міндеттерінің жүзеге асуы, латынәліпбилі ұлттық жазуға көшу жағдайында шеттілдік атауларды  жазу   ұстанымдары секілді тақырыптар қарастырылады.

 

Өтетін орны: ZOOM платформасы

https://us04web.zoom.us/j/7692514020?pwd=dkhaSUlkQkJ2NlhVU3FHSks2N2haUT09

 

Идент. нөмірі: 873 783 7568

 

Пароль:11111

 

Өтетін уақыты: 29 қыркүйек 2020 жыл, сағат 11.00-13.00

 

Байланыс тел.: +7 707 217 28 82