қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.11.2023

95 жылда 200 мыңға жуық педагог дайындаған

 

Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, биыл 95 жыл толды.

 

Жоғары оқу орнының қалыптасуына ұлт зиялылары - Ахмет Байтұрсынұлы, Темірбек Жүргенов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин және басқа да көптеген көрнекті қайраткерлер үлес қосты. Білім мен ғылымның қара шаңырағы бүгінгі күнге дейін отандық педагогика саласына 200 мыңға жуық педагог пен 4 мыңнан аса ғылыми кадр дайындап шығарды.

 

Болат Тілеп, Абай атындағы ҚАЗҰПУ ректоры:

 

Университетіміздің алдына қойып отырған миссиясы бұл ең алдымен жаңа форматтағы педагогтер легін дайындау. Қазіргі таңның өзінде Франция мемлекеттерінің университетінен қос дипдомдық бағдарлама аясында 150 - ден астам балалар бітіріп, қазіргі таңда жұмыс істеп жатыр.

 

03.11.2203 ж.

Ақпарат көзі: qazaqstan.tv