қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.10.2020

«KAZDUAL жоба серіктестерінің кіріспе кездесуі» онлайн-вебинары өтеді

 

2020 жылы 17 қазанда ERASMUS + бағдарламасының Халықаралық күндері аясында «KAZDUAL жоба серіктестерінің кіріспе кездесуі» онлайн-вебинары өтеді. Вебинарды ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі. Іс-шараның негізгі жүргізушілері - Сапаргалиева Баян - Бөлім бастығы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан жоба үйлестірушісі, Искакова Айгүл - Әуезов атындағы ОҚМУ-дың стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры, жоба үйлестірушісі, Хасенова Лаура - Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының» директоры, жоба бойынша байланысатын тұлға. Жобаның барлық қатысушылары іс-шараның спикерлері болады. Вебинарда іс-шараның спикерлері өздерін және өздерінің университеттерін таныстырады және жобаның бірінші жылындағы жұмыс жоспары ұсынылады.


Вебинарға шақырылады: серіктес университеттердің өкілдері мен үйлестірушілері, қызығушылық танытқан университет өкілдері, университеттердің топ-менеджменті.

Уақыты: 2020 жыл 17 қазан, сағат 15:00 Алматы уақытымен


Zoom арқылы конференцияға қосылу
https://zoom.us/j/95548450922?pwd=cFdaaEtETVlZeTNweHJJL25vRGNpdz09


Конференция идентификаторы: 955 4845 0922


Кіру коды: 808599