қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.10.2020

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды (балаларды) компенсаторлық, қосалқы және техникалық құралдармен қамтамасыз ету

 

05.06.2015 жылы ҚР БжҒМ БЖБ-мен құрылған ҚР ЖОО-лары үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық консультативтік орталық жанында инклюзивті білім берудің тиімді тәжірибесін тарату мақсатында инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы жұмыс істейді.

 

2020 жылдың 21 қазанында сағат 17.00-де «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды (балаларды) компенсаторлық, қосалқы және техникалық құралдармен қамтамасыз ету» тақырыбында виртуалды зертхананың тоғызыншы вебинарын онлайн өткізу жоспарлануда.

 

Вебинардың спикері түзету педагогикасы бойынша ҚР Бірінші докторы, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралыҚР Заңының бастамашысы және авторы, Қазақстан Республикасындағы заманауи арнайы білім беру жүйесін ұйымдастырушы, «САТР» ЖШС Бас директоры, профессор Сүлейменова Роза Айтжанқызы.

 

Вебинарда техникалық құралдарды жіктеу ұсынылады, қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері мен жолдары қаралады, заманауи техникалық құралдар көрсетіледі. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін кеңістікті дамыту ортасын ұйымдастыру мәселесіне назар аударылатын болады. Вебинарға қатысуға мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылады.


Вебинарға сілтеме:

https://us02web.zoom.us/j/81740406773?pwd=RjVFdFB5Wk5TcFRBWHV6WmkreW1Ldz09


Конференция идентификаторы: 817 4040 6773 

 

Пароль: 043838