қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.11.2023

«Спорт-денсаулық кепілі» институтаралық волейбол жарысы

 

2023 жылдың 21 қарашасында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Абай» апталығы аясында «Спорт-денсаулық кепілі» волейбол жарысы өтті. Студенттердің спорттық шеберлігін көтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, университетімізде спортты кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа барлық институт белсене қатысты. Ойын нәтижесі бойынша: 1-ші орынға Өнер, мәдениет және спорт институты; 2-ші орынға Жаратылыстану және география институты; 3-ші орынға Математика, физика және информатика институты табан тіреді. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы сыйақы және медальдармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=