Foundation факультеті |
04.03.2025
Foundation факультеті талапкері IELTS-тан B2 деңгейін алды Foundation факультетінің Шетел азаматтарына арналған тілдік мамандықтар кафедрасы «Ағылшын тілі» мамандығының талапкері Мақпал Боданбай халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсырып, B2 деңгейіне қол жеткізді.
Бұл жетістік Мақпалдың тілді меңгерудегі жоғары мотивациясын, табандылығын және қажырлы еңбегін көрсетеді. B2 деңгейі ағылшын тілін еркін қолдануға мүмкіндік береді, бұл академиялық оқуда, халықаралық бағдарламаларға қатысуда және мансаптық мүмкіндіктерде үлкен артықшылық береді.
IELTS емтиханына дайындалып жүрген студенттер үшін Мақпалдың жетістігі үлкен мотивация. Жоғары нәтиже алғысы келетіндерге бірнеше кеңес: Күнделікті тәжірибе - оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамытыңыз. Практикалық тесттерді орындау - уақытты тиімді басқаруды үйреніңіз. Сөздік қорыңызды кеңейту - жаңа сөздерді үйреніп, оларды қолданыңыз. Кері байланыс алу - мұғалімдер мен сыныптастарыңыздың пікірін тыңдаңыз.
Мақпал Боданбайды аталмыш жетістігімен құттықтаймыз! Барлық талапкерлерге тіл үйренуде табыс пен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|