Foundation факультеті |
06.03.2025
Foundation факультетінің тыңдаушылары Жаратылыстану және география факультетінде таныстыру жұмыстарына қатысты Foundation факультетінде білім алып жатқан тыңдаушылардың кәсіби бағдарын кеңейту мақсатында танымдық шаралар жалғасуда. Осыған орай «Биология-Химия» бағытын таңдаған тыңдаушылар Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетіне барып таныстыру жұмыстарына қатысты.
Шара барысында тыңдаушылар факультеттің оқу процесімен, оның ішінде лекциялық залдар мен зертханалық сабақтардың өткізілу тәртібімен танысты. Сонымен қатар, зертханалық жабдықтар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілу ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды.
Бұл кездесу тыңдаушыларға болашақ мамандықтарын тереңірек түсінуге, университеттегі оқу мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға және ғылыми ортаға бейімделуге үлкен мүмкіндік берді.
Мұндай кәсіби бағдар беру шаралары алдағы уақытта да жалғасады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|