Foundation факультеті |
11.03.2025
«Қызғалдақсың қырдағы қазақ қызы»: Foundation факультетінің мерекелік шарасы 2025 жылдың 7 наурызында Foundation факультетінің Шетел азаматтарына арналған және ЖОО дейінгі дайындық бөлімі «Қызғалдықсың қырдағы қазақ қызы» атты тақырыпта мерекелік шара өткізді.
Мереке 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай, қазақ қызының қоғамдағы маңыздылығын атап өту мақсатында ұйымдастырылды. Талапкерлер мен ұстаздар қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарына негізделген арнайы бағдарламаға куә болып, ерекше әсер алды. Шара барысында студенттер мен оқытушылар сахналық қойылымдар, әндер мен билер арқылы қазақ халқының мәдениетіне деген құрметін білдірді.
Кештің соңы арнайы марапаттау рәсімімен аяқталды. Foundation факультетінің деканы Айсұлу Хайрулдаева талапкерлердің белсенділігін жоғары бағалап, оларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Шара жастардың қазақ мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын сақтауға деген қызығушылығын арттырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|