қазақша · русский · english
 
 
 
26.03.2025

Foundation факультетінде Наурызға арналған этно бұрыш жасақталды


Абай атындағы ҚазҰПУ Foundation факультетінде Наурыз мерекесіне орай ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптеуге бағытталған арнайы этно бұрыш жасақталды.

 

Этно бұрышқа қазақтың киіз үйі, ұлттық бұйымдары, ою-өрнектер және дәстүрлі тағамдар қойылып, студенттер мен оқытушылар үшін мерекенің ерекше рухы сезілді. Этно бұрышты жасақтау барысында факультет қызметкерлері мен студенттері үшін арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында қонақтар ұлттық киім киді, қазақтың ұлттық тағамдарынан тұратын дастархан жайылды. Осылайша Наурыз мерекесінің берекесі мен ынтымағы келген қонақтарға көңіл-күй сыйлап, ерекше атап өтілді.

 

Foundation факультеті ұжымы бұл бастаманың студенттерге ұлттық мәдениетті тереңірек меңгеруге және мерекелік атмосфераны толық сезінуге септігін тигізетініне сенеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу