Foundation факультеті |
07.04.2025
Foundation факультетінің студенттері ҚР Мемлекеттік Орталық музейіне барды 2025 жылдың 3 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетел азаматтарына және жоғары оқу орнына дейінгі даярлыққа арналған Foundation факультетінің физика-математика және информатика бөлімінде білім алатын шетелдік студенттер үшін оқу үрдісінен тыс мәдени-танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім алушылар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіне барды.
Экскурсияның негізгі мақсаты - шетелдік білімгерлерге Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын таныстыру, олардың ел мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету болды.
Музей экспозициясымен танысу барысында студенттер Қазақстанның бай тарихы, ежелгі артефактілері мен мәдени құндылықтары туралы мол мағлұмат алды. Тарихи жәдігерлермен бетпе-бет танысу олардың тарихи ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық мұраға деген құрмет сезімін қалыптастырды.
Осындай мәдени шаралар шетелдік білім алушылардың Қазақстан қоғамына сәтті бейімделуіне ықпал етіп, оқу үдерісін мазмұнды әрі жан-жақты етеді. Сонымен қатар, бұл кездесулер білім алушылардың мәдени танымын арттырып, олардың рухани дамуына оң әсер етеді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|