Foundation факультеті |
10.04.2025
Шетел азаматтары және Foundation факультетінің тыңдаушылары Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтің музей кешеніне барды 2025 жылдың 9 сәуірінде Foundation факультетінің шетел азаматтарына және жоғары оқу орнына дейінгі даярлық бағдарламаларының тыңдаушылары Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешеніне саяхат жасады. Информатика Маттематика, Биология Химия, Геометрия Математика және Физика Математика бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттер оқу сауаттылығы сабағы аясында қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының мұрасы мен шығармашылығымен танысты.
Экскурсия барысында тыңдаушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, олардың жеке мұралары мен архивтік материалдарын көріп, қызығушылық танытты. Музей қызметкерлері ұйымдастырған экскурсия білім алушылардың мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, білімді тереңдетуге мүмкіндік берді.
Бұл шара тыңдаушылардың оқу сауаттылығын жетілдіруге, сондай-ақ қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген құрметті нығайтуға үлкен ықпал етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|