қазақша · русский · english
 
 
 
17.04.2025

Foundation факультетінде “1921–1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық” тақырыбында ашық сабақ өтті


2025 жылғы 16 сәуірде Шетел азаматтарына және жоғары оқу орнына дейінгі даярлыққа арналған Foundation факультетінде Қазақстан тарихы пәнінен "1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық" тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабаққа География-математика және Дүниежүзі тарихы-ағылшын тілі бағыттары бойынша білім алып жатқан тыңдаушылар қатысты.

 

Сабақтың мақсаты - шетелден келген қандастарға ХХ ғасыр басындағы ашаршылық оқиғаларының себептері мен салдарын терең түсіндіру, тарихи сана қалыптастыру және өткеннен сабақ алуға баулу болды.

 

Сабақ барысында оқытушы мен тыңдаушылар арасында интерактивті талқылау жүргізіліп, статистикалық деректер мен сол кезеңнің куәгерлерінің естеліктері ұсынылды. Тыңдаушылар тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, өз ойларын қазақ және ағылшын тілдерінде еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, постерлер арқылы тақырыпты визуалды түрде талдап, тарихи оқиғаларды заманауи көзқараспен бағалауға тырысты.

 

Бұл сабақ тыңдаушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттырып, тарихи ойлау қабілеттерін дамытты.

 

  alt=  




Кері оралу