Foundation факультеті |
23.04.2025
Foundation факультетінің ҚХР тыңдаушылары Мемлекеттік орталық мұражайда танымдық экскурсияда болды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Foundation факультетінің тілдік дайындық бөлімінде орыс тілі бағыты бойынша білім алып жатқан Қытай Халық Республикасынан келген тыңдаушылар Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық мұражайға барды. «Дәстүр мен ғұрыптар, ұлттық киім, тұрмыс және ыдыс түрлері» тақырыбында ұйымдастырылған бұл оқу-танымдық экскурсияға екінші топ тыңдаушылары қатысты.
Шараның мақсаты - қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын тереңірек таныстыру, ұлттық құндылықтарды көрсету арқылы студенттердің таным көкжиегін кеңейту, әрі олардың шынайы өмір құбылыстарымен практикалық түрде танысуына мүмкіндік беру.
Экскурсия барысында тыңдаушылар ұлттық киім үлгілерімен, тұрмыстық және этнографиялық заттармен, дәстүрлі ыдыс-аяқтармен танысып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс ерекшеліктеріне терең қызығушылық танытты.
Экскурсияны орыс тілі пәнінің оқытушысы Жанар Тогумбетованың ұйымдастырумен өтті. Ол білімгерлерге мұражай экспозицияларын тікелей таныстырып көрсетті.
Мұндай танымдық іс-шаралар шетелдік тыңдаушылардың тілдік құзыретін арттырып қана қоймай, Қазақстанның бай тарихи-мәдени құндылықтарын терең түсінуге жол ашады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|