Foundation факультеті |
23.04.2025
«Анықталған интеграл. Шектелген фигураның ауданын табу» ашық сабағы 2025 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Foundation факультетінде «Математика» пәні бойынша «Анықталған интеграл. Шектелген фигураның ауданын табу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты - тыңдаушыларға анықталған интегралды есептеуді үйрету және оны шектелген фигуралардың ауданын есептеуде қолдану дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында тыңдаушылар интеграл ұғымының теориялық негіздерімен танысып, оны пайдаланып, шектелген аймақтардың ауданын есептеу бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Сабақ интерактивті түрде өтіп, тыңдаушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етті.
Ашық сабақты аға оқытушы Зарина Алеуова жүргізді. Оның кәсібилігі мен тиімді оқыту әдістері арқасында тыңдаушылар тақырыпты терең түсініп, математикалық пәнге қызығушылық танытты.
Мұндай сабақтар тыңдаушылардың математикалық дағдыларын дамытуға, логикалық ойлау қабілеттерін жақсартуға және теорияны практикада қолдануға көмектеседі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|