қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2025

Foundation факультеті ағылшын тілі бағытының тыңдаушылары American Space және Makerspace орталығына барды


2025 жылдың 22 сәуірінде Foundation факультетінің магистратураға арналған Тілдік және ҰБТ/ТКТ-ге дайындық бөлімінің ағылшын тілі бағытының тыңдаушылары Алматы қаласындағы American Space and Makerspace Almaty орталығына барып, жаңа тәжірибе жинақтады.

 

American Space — білім алушылар үшін ашық қоғамдық орталық және әртүрлі жобалар бойынша ынтымақтастыққа арналған лаборатория, онда тұрғындар жаңа идеялар мен дағдыларды дамытуға мүмкіндік алады. Makerspace Almaty — инновациялық технологиялық орталық, білімгерлерді шығармашылық проблемаларды шешу арқылы білім алуға шақыратын орын. Мұнда тыңдаушылар жаңа технологиялармен танысып, оларды қолдану дағдыларын жетілдірді.

 

Бұл шара білімгерлердің практикалық білім алуға және қазіргі заманғы технологиялар мен шығармашылық шешімдер туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу