қазақша · русский · english
 
 
 
30.04.2025

«Жеңіс туын желбіреткендер» дөңгелек үстелі

 

2025 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан тарихы пәні бойынша Биология-химия, Информатика-математика және Дүниежүзі тарихы-Ағылшын тілі бағытында оқып жатқан тыңдаушылар үшін Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс туын желбіреткендер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Foundation факультетінде өткізілді. Оның басты мақсаты - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын лайықты атап өту, соғыс жылдарындағы жауынгерлік ерлік пен отансүйгіштік рухты жас ұрпақтың бойына сіңіру, сондай-ақ тарихи сана мен азаматтық жауапкершілікті арттыру болды.

 

Дөңгелек үстел барысында тыңдаушылар 1941-1945 жылдардағы соғыс оқиғалары, майдан мен тылдағы ерліктер, бейбіт өмір үшін күрескен батырлардың өмір жолдары туралы тың мәліметтер алды. Бейнематериалдар көрсетіліп, ардагерлердің ерліктері дәріптелді. Тыңдаушылар өз ойларымен бөлісіп, патриотизм туралы мазмұнды пікірлер білдірді.

 

Бұл іс-шара жас ұрпақты елін, жерін сүюге, тарихи оқиғаларға құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікке баулуға бағытталған маңызды тәрбиелік шара болды.

 

  alt=  





Кері оралу