қазақша · русский · english
 
 
 
16.05.2025

Республикалық əдістемелік вебинар өтті

 

2025 жылғы 15 мамырда Foundation факультеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) дайындық бөлімдерінің заманауи білім беру мәселелері мен даму перспективалары» тақырыбында республикалық əдістемелік вебинар өтті.


Дайындық бөлімдерінің білім беру үрдісінде заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңаша көзқарастағы оқытушылар санын арттыру, заманауи қоғамдық талапқа бейімдеу және білім беру үрдісіне енгізу тəсілдерін талқылау мақсатында өткізілген вебинарға Торайғыров университеті, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Шәкәрім университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Foundation факультеті кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


Іс-шараны Foundation факультеті кафедрасының меңгерушісі А.Ж.Утемисова ашып, вебинардың маңыздылығын атап өтті.


Іс-шара барысында Торайғыров университетінен Foundation факультетінің декан орынбасары А.Дюсенова, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен, педагогика ғылымдарының магистрі, Қосымша білім беру факультетінің аға оқытушысы Д. Жумагельдина, Шәкәрім университетінен филология ғылымдарының магистрі, дайындық бөлімінің аға оқытушысы Г. Ногаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен физика-математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы З.Алеуова, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы Л.Курбанова, PhD докторы, аға оқытушы А. Сатыбалдиева баяндама жасап, келесі тақырыптар бойынша мәселелерді талқылады: «Қандастарды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары»; «Жаңа ортада әлеуметтік интеллектіні дамыту: Қазақстандағы қандастарды бейімдеу тәжірибесі»; «Шетел азаматтарына тілдік деңгейді көтеруде Cambridge жүйесімен байланысты, халықаралық стандарттармен оқытудың ерекшеліктері»; «Оқу сауаттылығы: құндылыққа бағдарланған білім»; «Тыңдаушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»; «Жасанды интеллект көмегімен тыңдаушыларды ҰБТ-ға дайындаудың заманауи әдістері».


Вебинар қатысушыларына факультет деканы А.Хайрулдаеваның атынан вебинарға қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды. Вебинар соңында қатысушылар пікір алмасып, одан әрі ынтымақтастықты офлайн форматта өткізуді ұсынды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  





Кері оралу