Foundation факультеті |
19.05.2025
Foundation кафедрасында “Органикалық химияға кіріспе” тақырыбында ашық сабақ өтті 2025 жылғы 16 мамырда Foundation кафедрасының оқытушысы Нұрсұлтан Сағынтайұлы ҚР Химия-биология бағыты бойынша білім алып жатқан тыңдаушыларға арналған "Органикалық химияға кіріспе" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты - органикалық химия туралы жалпы түсінік қалыптастыру, негізгі ұғымдармен таныстыру және олардың қолданылу салаларын меңгерту болды. Оқытушы сабақ барысында заманауи оқыту әдістерін қолданып, тыңдаушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.
Сабақ құрылымы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Тыңдаушылар органикалық қосылыстардың ерекшеліктерін қарастырып, топтық жұмыстар арқылы тақырыпты жан-жақты талдады. Интерактивті тапсырмалар мен пікір алмасу сәттері сабақты мазмұнды әрі нәтижелі етті.
Аталған ашық сабақ тыңдаушылар үшін химия ғылымының жаңа бір қырын тануға жол ашты. Практикалық бағыттағы тапсырмалар мен нақты өмірлік мысалдар тыңдаушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағдарларына әсер етерліктей әсер қалдырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|