
Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
30.11.2023
Абай университетінің студенттік театры кезекті қойылымын ұсынды
28 қарашада Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Абай университетінің «Үркер» студенттік театры «Алма!» қойылымын қойды.
Театр қойылымы сыбайлас жемқорлық мәселесін қозғап, оның тұлғааралық қарым-қатынасқа, әлеуметтік әділеттілікке және негізгі моральдық құндылықтарға тигізетін әсерін ашып көрсетіп, көрермендерге осы әлеуметтік құбылысқа жаңа көзқарас пен түсінік берді.
Идеяның авторы мен қойылым режиссерлері Филология институтының 2 курс студенттері Мұхтаров Ермахан мен Қарабала Данияр.
Іс-шара соңында Арман Рахимов университет ректорына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің қызметкеріне, сондай-ақ «Үркер» студенттік театрына алғыс хаттар табыс етті.
30.11.2023 ж. Ақпарат көзі: turkystan.kz
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|