қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.10.2020

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ойшыл Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен «Абай әлемі» жалпыұлттық студенттік өнер фестивалі өткізіледі.


«Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалі екі кезеңде өтеді.


Іріктеу кезеңі республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында онлайн режимінде өткізіледі. Өткізілу мерзімі: 30-31 қазан 2020 жыл.


Қорытынды кезең Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізіледі. Өткізілу мерзімі: 4-5 желтоқсан 2020 жыл.


Фестиваль байқаулары:
- Абай өлеңдері;
- Абайдың қара сөздері;
- Абай әндері;
- Абай - әлем тілдерінде;
- «Абай әлемі» сурет өнерінде.

 

Республикалық ЖОО-да ұйымдастырылатын «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің іріктеу кезеңі туралы ақпарат #AbaiAlemi-2020 хештегі арқылы БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы насихатталуы тиіс.

 

Іріктеу кезеңінің қорытынды материалдары (видео, слайд, фото) 6 қарашаға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұйымдастыру алқасына abai_alemi2020@mail.ru, b_kazyna@bk.ru электронды пошталарына жолдануы тиіс.


Қорытынды кезеңге қатысушы үміткерлердің өтініштері 2020 жылдың 26 қарашаға дейін abai_alemi2020@mail.ru, b_kazyna@bk.ru электронды пошталарына қабылданады.

 

Фестиваль қорытындысы бойынша әрбір байқау жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ жүлдері орындармен, ақшалай және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

 

Фестиваль туралы қосымша ақпаратты @abаialemi2020 @abai_university instagram парақшаларынан таба аласыздар.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан жауапты тұлға Жанель Ахмедина 87761964550


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарапынан жауапты тұлға Қазына Бекбенбетова 87016642721, 8-(727)-291-83-82.

 

Тұжырымдамасы