қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.05.2014

Математика, физика және информатика институты «Фундаментальды және қолданбалы математика» кафедрасының шақыруымен 21.04.14-21.05.14 жыл аралығында студенттерге және профессор-оқытушылар құрамына дәріс оқу мақсатымен (Ресей, Белгород қаласы) Белгород Мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің профессорлары, физика-математика ғылымдарының докторлары Олег Михайлович Пенкин және Анварбек Мукатович Мейрманов ағылшын тілінде дәріс оқуға келді.
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Олег Михайлович Пенкин «Физика» мамандығының арнайы тобында оқитын студенттеріне ағылшын тілінде дәріс оқиды. Дәріс математика, физика және информатика институтының ғимаратында 419 аудиторияда өтеді.
«Математика» мамандығының арнайы тобында оқитын студенттерге физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Анварбек Мукатович Мейрманов ағылшын тілінде дәріс оқиды. Дәріс математика, физика және информатика институтының ғимаратында 419 аудиторияда өтеді.
Дәріс ағылшын тілінде оқытылады. Талқылаулар және қосымша түсiндiрулер үшiн, орыс тiлiн қолданылады.
Дәріс оқу физика-математика факультетінің студенттері мен профессор-оқытушыларына ұйымдастырылды.

 

 

Дәріске қатысам деушілерге есік ашық.