қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.11.2020

Жас зерттеушілердің ғылыми жобалар конкурсы басталды


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті грантына 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда) жас зерттеушілердің ғылыми жобаларының конкурсын өткізетіндігін жариялайды. Қатысу үшін үміткерлер конкурс туралы Ережеге сәйкес өтінім ұсынады. Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың басталу күні - 03.11.2020 ж., өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні - 01.12.2020 ж. Грант алған жағдайда жұмыстың басталу күні - 01.01.2021 ж., жұмыстың аяқталу күні - 01.11.2021 ж.

 

Өтінімдер келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қ., Қазбек би, 30, 201 кабинет

 

Тел: 8/727/ 291-27-10

 

Қатысушыларға қойылатын талаптарды және өтінімді ресімдеуді қамтитын конкурс туралы Ереже.