қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.11.2020

Слупск қаласындағы Помор академиясы (Польша) және Абай атындағы ҚазҰПУ «Абай: философиясы, поэтикасы, рецепциясы» II Халықаралық Абай оқулары ғылыми семинарын өткізеді

 

2020 жылы 9-10 желтоқсанда қазақ ақыны, философы және композиторының 175 жылдығына арналған «Абай: философиясы, поэтикасы, рецепциясы» халықаралық ғылыми семинар өтеді.

 

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара онлайн форматында (ZOOM платформасы негізінде) өтеді.

 

«Абай оқулары: «Абай: философиясы, поэтикасы, рецепциясы» тақырыбындағы ғылыми семинар - Слупс қаласындағы (Польша) Помор академиясында Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығының базасында жыл сайынғы өткізілетін халықаралық іс-шара. Кездесулер Абай атындағы орталықтың Слупс қаласында ашылуының бастамашысы және Помор академиясының көп жылдық серіктес-университеті ретінде Abai University-мен бірлесіп ұйымдастырылады.

 

Әрбір қатысушы атаулы сертификат алады.

 

Семинарға қатысу үшін ақпараттық хатпен және өтінім нысанымен танысуларыңызды сұраймыз.