қазақша · русский · english
 
Ғылым
 
 
20.10.2025

Онлайн вебинарлар сериясы «ҚР ҒЖБМ 2026–2028 жж. гранттық және БНҚ конкурстарына өтінім дайындау»

 

Ғылым департаментіне қарасты Жобалық кеңсе 2025 жылдың 30 қыркүйегі, 2 және 8 қазанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026–2028 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына өтінімдерді әзірлеу бойынша бірқатар онлайн оқу вебинарларын өткізді.


Вебинарлар аясында спикерлер ретінде Ғылым департаментінің директоры М. Абсатова, профессор-зерттеуші Ж. Нұрбекова, постдокторант М. Иманқұлова және PhD М. Молдағалиева сөз сөйледі. Спикерлер өтінім беру кезеңдері, конкурстық құжаттама талаптары, ғылыми жобаларды рәсімдеу ерекшеліктері, сараптамалық бағалау критерийлері және бәсекеге қабілетті өтінімдерді дайындаудың практикалық тәсілдері туралы егжей-тегжейлі баяндады.


Сонымен қатар, вебинарлар барысында өтінімдерді рәсімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдарына ерекше назар аударылып, жобалық ұсыныстардың құрылымы, мазмұны мен логикасын мұқият пысықтаудың маңыздылығы атап өтілді. Өткізілген вебинарлар сериясы университеттің жас зерттеушілері мен оқытушыларының жобалық құзыреттерін арттыруға және ғылыми гранттарға сапалы өтінімдер дайындау дағдыларын нығайтуға зор үлес қосты.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу