қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.11.2020

«Цифрландыру дәуіріндегі білім мен ғылым» халықаралық эссе байқауы

 

2020 жылдың 23-ші қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Цифрландыру дәуіріндегі білім мен ғылым» тақырыбында халықаралық эссе байқауы өтеді. Байқауға 40 жасқа дейінгі барлық жас ғалымдар мен педагогтар қатыса алады.

 

Жұмыстарды қабылдау: smu_kaznpu@gmail.com почтасы арқылы жүзеге асырылады.

 

Жұмыстарды қабылдаудың шекті уақыты (дедлайн): 19-ші қарашаға дейін. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

 

ЭССЕ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

I. Эссе төмендегі мәселелерді негізге ала отырып, жазылуы тиіс:
- жеке көзқарастың көрінісі;
- теоретикалық негіздеме және фактілі дәлелдер (аргументтер);
- терминдерді және цитаталарды келтіру;
- сыни ойлау негізінде әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
- логикалық заңдылықтың сақталынуы;
- салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
- сауаттылық (орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық);
- авторларға сілтеме жасауы;
- академиялық жазылым талаптарын негізге ала отырып (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде) жазылуы.

 

II. Эссенің жазылу жоспары төмендегідей:
1. Кіріспе (эссенің шамамен 20 % көлемі). Тақырыптың мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдары кіреді. Бұл кезеңде, ізденуші зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс қоюы өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Мысалы, мына сұрақтарға жауап іздеуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?» және т.б.
2. Негізгі бөлім (эссенің шамамен 70 % көлемі). Таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, тақырып бойынша өз ұстанымына басқа дәлелдер мен ұстанымдарды негіздеу қажет. Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан, маңыздысы тақырыпшалар негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибесін де пайдалануға болады.
3. Қорытынды (эссенің шамамен 10 % көлемі). Қорытынды - тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстануы арқылы орындалуы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.

 

ІІІ. Эссенің құрылымы: 1000 сөзден аспауы керек.

 

Антиплагиаттық тексерістен сәтті өткен жұмыстар ғана конкурсқа қатысады.