қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.11.2020

Студенттер күніне орай шахматтан турнир өтеді


2020 жылдың 14-18 қараша аралығында халықаралық студенттер күніне орай Математика, физика және информатика институтының «Garde» шахмат клубы студенттер арасында шахматтан онлайн-турнир өткізуді жоспарлайды.

 

Турнирдің мақсаты - еліміздегі пандемиялық жағдайына байланысты онлайн форматта студенттердің бос уақытын тиімді өткізу және логикалық ойлау қабілетін арттыруға бағытталып отыр. Турнир «Lichees online» бағдарламасымен ойнатылады.

 

Турнир соңына zoom платформасында ресми марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздарға қомақты сыйлық қоры тағайындалған.