қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.11.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің шығармашылық жұмыстарының халықаралық онлайн-көрмесі

 

2020 жылдың 25 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің шығармашылық жұмыстарының халықаралық онлайн-көрмесі өтеді. Вебинарды ұйымдастырушы Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі және Өнер, мәдениет және спорт институты, іс-шараның жүргізушісі және спикері - «Полиграфия» мамандығының 2 курс студенті  Арман Абдылхан.

 

Вебинарда Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттері, магистранттары Орталық Ланкашир университетінің (Ұлыбритания) студенттері мен магистранттарына өздерінің өнердің әр саласы бойынша шығармашылық жұмыстарын көрсетеді.

 

Іс-шараға бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері, сондай-ақ қызығушылық танытқан өнер сүйер қауым, суретшілер және ЖОО оқытушылары шақырылады.

 

2020 жылдың 25 қарашасында сағат 18:00-де Join Event ссылкасы бойынша

немесе

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3a12d3615700a84218891478e1df0f6369%40thread.tacv2/1602077179428?context=%7b%22Tid%22%3a%22ebf69982-036b-4cc4-b202-7aeb194c5065%22%2c%22Oid%22%3a%2204f4f3e9-6311-4cdf-9ed2-360742d7648c%22%7d